№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бөбекжайда тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Біздің «№57 Ақбота бөбекжайы» Ақтау қаласында орналасқан. Бұл ғимаратта қаламыздың балалары тәрбиеленеді. Бала өркендеп келе жатқан Қазақстанымыздың болашағы. Сол себепті әр балаға дұрыс тәлім-тәрбие мен білім беру біздің міндетіміз. №57 «Ақбота» бөбекжайы да өз мүмкіндігінше шағын аудандағы мектепке дейінгі балаларды жыл сайын қабылдап, қазіргі таңда 300 ге жуық бүлдіршіндерді бөбекжай орнымен қамтамасыз етіп отыр. Балалар үшін барлық жағдай жасалып, олардың жан-жақты дамуына ұжым қызметкерлері аянбай еңбек етеді. Бөбекжайда 36 жоғары білімді және 11 арнаулы орта білімді тәрбиешілер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда басшы -ұйымдастырушы-1, педагог сарапшы-4, педагог-модератор-21, ІІ санатты-2, педагог санатында -19 педагог еңбек етеді.
Бөбекжайда «Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді тұлға тәрбиелеу» бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп отыр.
Бөбекжайда М.Монтессори технологиясының әдістерін, асық технологиясын, 4К әдісі және мнемотехника, денсаулықты сақтау сияқты озық технологиялар бағдарламаға сәйкес қарастырлып, жүйелі түрде жүргізіліп отыр.
Бөбекжайымыз - «Денсаулықты қорғау технологиясымен» ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары, дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері баланы жан-жақты дамытып, дене бітімінің дұрыс жетілуіне, организмнің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді. Дене тәрбиесін жетілдіруде кешенді түрде жұмыстар жүргізіледі: тиімді күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру (көз және тыныс алу жаттығулары, өзін-өзі уқалау шаралары ) қимыл-қозғалыстар (ертеңгілік жаттығулар, ояну жаттығулары, жалпы дамыту жаттығулары, спорттық ойындар, бос уақыттағы іс-шаралар). Сонымен қатар майтабандықты болдырмау мақсатында: массажды кілемшелер, жалаң аяқпен жүру үшін кілемшеден жасалған соқпақ жолдар сияқты дене шынықтыру құралдарын қарастырылды. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу