№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Бөбекжайымызда «Цифрлық технологиялар-мектепке дейінгі білім беру сапасына жаңа бағыт» тақырыбында жаңа оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңесті бөбекжай басшысы Р.А.Избасарова ашып, педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бөбекжай әдіскері Н.Е. Харесова жазғы сауықтыру жұмысын қорытындылап, мектепке дейінгі ұйымның 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары, мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Бөбекжай педагогтері Г.Д.Джолмурзаева «Жасанды интеллект дәуіріндегі педагог» тақырыбында шебер-сынып, Ш.А.Сәду «Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру» тақырыбында бейне-презентациясымен, Л.Саулебекова «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мультимедиялық технологияларды қолдану» тақырыбында панорамалық іс-әрекетін, «Педагогикалық әдеп нормалары» тақырыбында тәрбиеші М.А.Жаңабаева баяндамаларын оқып, педагогтермен әдеп ережелері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, бөбекжай психологы М.Ж.Мұратбай «Біз біргеміз» атты тренинг ұйымдастырып, педагогтерге жағымды көңіл-күй сыйлады. Пед.кеңес соңында бөбекжай басшысы педагог-модератор біліктілік санатын алған педагогтерге куәліктерін табыстап, жаңа оқу жылында қызметкерлерге сәттілік тілеп, атқарылатын іс-шаралар мен жұмыстарды жоғары деңгейде атқаруға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/C_lIQtNvjUR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу