№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
"Барлығына қолжетімді сапалы білім" Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып,“Әкелер мектебінің” жоспарына сәйкес, халқымыздың ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау, балалардың логикалық ой-өрісін дамыту, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында бөбекжайымызда ересек, ортаңғы топтардың тәрбиеленушілері мен әкелеріне “Бестемше” ұлттық ойыны ұйымдастырылды.
Бестемше- зияткерлік ойын. Ол әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Өскелең ұрпақтың дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Бұл ойын балалардың математикалық қабілетін шыңдауда таптырмас құрал. Бестемше ойынын алғаш рет халыққа таныстырған және оның насихатшысы болған белгілі тоғызқұмалақ қайраткері – Серікбай Тілеубаев болды. Ойынға N6,7,8 ересек топтары мен №3,4,5 ортаңғы топ тәрбиеленушілері мен әкелері қатысты. Бөбекжай басшысы Райхан Аманқосқызы "Бестемше" ойынының шығу тарихымен ойынның бала өмірде алатын маңыздылығы жөнінде таныстырып, дене тәрбиесінің нұсқаушысы Сәрсенғалиева Назира Рахметқызы қатысушыларды “Бестемше” ұлттық ойынының ережесімен таныстырып, ойын алаңында бестемше ойынын жүргізді. Ойын соңында қатысушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/C7EgQ7VSV1m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бөбекжайымызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Аналар мектебі" құрылып, жұмысын бастады
№ 9 “Дарын” мад тобы Дамытушы ойын “Таяқшалар”
Мақсаты: бала шығармашылығын , зейінін, кеңістікті бағдарлауды, құрастыру қабілеттерін дамыту. https://www.instagram.com/reel/C2HxvUjsVE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№ 3 «Балауса» ортаңғы тобы. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата»
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын білу. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/tv/C2MfoNWx7qu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...“Балдырған” тобының бүлдіршіндерімен 1-күн
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




