№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыруда алдымен дыбыстарды қоюымыз қажет. Сол себепті дайындық кезеңі ретінде ауыз қуысына жаттығулар жасалып тілді жаттықтырамыз. Ол балалардың дыбыстарды дұрыс айта білуіне көмектесетін жаттығу түрі. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарының қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әр түрлі атпен аталады. Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
1. Жұмысты төмендегідей ұйымдастырады: - ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді; - оның орындалу ретін көрсетеді; - жаттығуды барлық балалар орындайды; - жаттығудың дұрыс орындалуын тексеру
2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізіледі
3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.
Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
«ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ» – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады.Балалардың ойынында еркіндігі мен ...№ 1 «Балапан» кіші тобы. Дидактикалық ойын «Пішіндерді тап»
Сиқырлы суреттер арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Ойынның кұрал - жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құралады. https://www.instagram.com/tv/C2M4kN...№ 3 «Балауса» ортаңғы тобы. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата»
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын білу. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/tv/C2MfoNWx7qu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№ 12 «Көгершін» мектепалды даярлық тобы. «Дамытушы ойындар»
Баланың қызметін ойын элементтерімен сәйкестендіріп және ойыннан оқуға өту, ойын-тапсырма арқылы ізденіс қызметі. - Ойынның шартын және тапсырмаларын ақырындап күрделендіру. - Баланың ішкі және сыртқы қызметімен байланысы және ойдың әрі қарай дамуына енуі. - Оқу мен тәр...№ 11 «Жұлдыз» мектепалды даярлық топ «Дыбыстар әлемі»
Балалардың дауысты және дауыссыз дыбыстан алған білімдерін қайталау. Балалардың ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың ойлауын, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дамыту ойындарын ойнат...№ 10 “Балдәурен” мад тобы Дидактикалық ойын “Азығын тап”
Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Түстерді ажырата білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Баланың қызығушылығын арттыру. https://www.instagram.com/reel/C2KFDThsF42/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№ 9 “Дарын” мад тобы Дамытушы ойын “Таяқшалар”
Мақсаты: бала шығармашылығын , зейінін, кеңістікті бағдарлауды, құрастыру қабілеттерін дамыту. Тәрбиеші: Саулебекова Лариса https://www.instagram.com/reel/C2HxvUjsVE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу