№57 бөбекжай

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№57 «Ақбота» бөбекжайы»
жедел басқару құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

«ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ» – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ

Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады.Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан, сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ойналады, ойынның мотиві – өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын бастан өткізу. Еркіндік және өз беттілік ойынды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті, ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ережелермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі (ойын амалының реті, тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).

Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді. Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы – бала ойында шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң болады.

Ойында балалардың арасындағы екі түрлі қарым-қатынас байқалады:

- ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарым-қатынасы;

- ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас (ойынға келісім жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені қою).

Олар балалар қоғамын ұйымдастырудың негізі болады, ол өз кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның мазмұнын көрсететін тура немесе қосымша ережелердің болуы оны дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді.

Ойында өзінің ішкі мазмұнына қарай жеке адам үшін маңызды мақсаты бар амалдар жасалады.

Мектепке дейінгі жаста ойынның жетекші рөлі баланың оған жіберген уақытымен емес, негізгі сұраныстарын қанағаттандырғандығымен анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі бола тұрып, ойын тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы болып табылады. Бірақ бұл ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық процеске енгізген жағдайда ғана болады.

Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, педагог бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды, міндеттерін, амалдарын анықтайды, яғни ойынның өзіндік ерекшелігін және өзіндік сипатын бұзбай, оның барысын жобалайды.

Ойынға мынадай сипаттар тән болуы тиіс:

•мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнелетін көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;

•қажеттілігі, белсенділігі, ұйымдастырылғандығы, ойын амалдарының шығармашылық сипаты;

•жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін ескере отырып ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа алу қабілеті;

•ойыншықтарды, ойын амалдарын және материалдарды мақсатты пайдалану;

•жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі.

Ойында педагог бала тұлғасының барлық жағына әсер етеді: оның санасына, сезіміне, еркіне, тәртібіне; ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланады. Ойын барысында баланың өзін қоршаған айналасы жөніндегі білімі, түсінігі нақтыланады және тереңдейді. Ойында қандай да бір рөлді орындау үшін бала өз түсінігін ойын амалына көшіруі керек. Бірақ ойын балалардың бар білімі мен түсінігін бекітіп қана қоймайды, үлкендердің жетекшілігімен жаңа білім алу процесіндегі белсенді таным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табылады.

Ойында баланың айналасындағы шындықты өзгерту талабы, жаңаны жасау қабілеті дамиды. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және ойдан құрылған құбылыстарды, таныс заттарды жаңа қасиеттермен және функциялармен байланыстырады. Бұл процестердің нәтижесі баланың елестетуі мен шығармашылығының дамуы болады. Өзіне қандай да бір рөлді алып (дәрігердің, жүргізушінің) бала өзіне мамандықты және басқа тұлғаның ерекшеліктерін жай ғана қолданып қоймайды, ол сол рөлге кіреді, кірігеді, оның сезімі мен көңіл-күйіне енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді. Балалармен дұрыс, әдепті өзара әрекеттестік орнаса, ойын баланың ақыл-ойын кеңейтуге, танымның бейнелік түрлерін дамытуға (бейнелеп ойлау, елестету), мүддесін реттеуге, тілін дамытуға ықпал етеді. Ойын балалардың қоғамдық тәртібі, өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын іс-әрекет түрі. Бірге ойынды ұйымдастыру арқылы балалар ұжымына, ал ұжым арқылы – әрбір балаға әсер етеді. Ойында бала белгіленген тәртіпке бағына отырып, өз ойын, істерін басқалармен келісу қажеттілігіне тап болады. Бала тек қана ойын тәжірибесін ғана алып қоймайды, өзін-өзі көрсету, өз аяғына тұру және коммуникативтік тәжірибесін алады. Ойындарда шығармашылдық қабілет дамиды. Ол ой құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.

Ойын мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы және олардың іс-әрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың барлық жаңа түрлері қалыптасады.

Ойын технологиясының басты компоненті-педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы. Бөбекжайымызда балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып,ұлттық тәрбие  беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырамыз. Дидактикалық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Танымдық-дамытушылық ойындарды ойлап табу, оларды ұйымдастырылған іс-әрекетінде қолдану баланың танымдық,зияткерлік дағдыларын дамытады. Ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса балада өз бетімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, білімге құштарлығы артады, халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Балабақшамызда  ұлттық тәрбие бағытында "Киіз үй" дамытушы бизибордын құрастырдық. Ұлттық өнерге қызығушылыққа ,сүйіспеншілікке,балаларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері-зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер,киіз үй жабдықтары мен оның жасау жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыруда дидактикалық ойындар жинақталды.

Мысалы:"Бірдей екі торсықты тап","Қандай суреттің сыңары жоқ","Қуыршақтың көлеңкесі қайсы","Бірдей ою-өрнегі тақияларды тап" т.б.ойындық-тапсырмалар балалардың ырықты зейіндерін дамытып,дүниетанымдарын кеңейте түседі. Коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында  мнемо кесте арқылы киіз үй туралы қысқа тақпақтар жаттау,киіз басу технологиясын айту. Тиым сөздермен сабақтасқан мақал-мәтелдер,тақпақтарды қолдану баланың есте сақтау қабілетін,тілдерін ширату,көңіл-күйлерін сергіту,ерік-жігерін дамытады.

Шығармашылық дағдыларын дамыту ұлттық аспаптарды, ұлттық ыдыстарды, ұлттық киімдерді дидактикалық ойындарға қолдану баланың сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілі, өз ұлтының мінез-құлқы, мәдениеті мен әдебиетінің айырықша белгілері ойын арқылы жеткізіледі.

  

Жарияланған күні: 28-05-2024  



«ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ» – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ

Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады.Балалардың ойынында еркіндігі мен ...

  

№ 1 «Балапан» кіші тобы. Дидактикалық ойын «Пішіндерді тап»

Сиқырлы суреттер арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Ойынның кұрал - жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құралады. https://www.instagram.com/tv/C2M4kN...

  

№ 2 «Балбөбек» кіші тобы

Дидактикалық ойын «Менің отбасым» Мақсаты: балаларға отбасы құндылықтары туралы түсіндіру, отбасындағы махаббат, сыйластық және құрмет көрсету туралы түсініктерін кеңейту. https://www.instagram.com/tv/C2OjZW4onDC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==   ...

  

"Артикуляциялық жаттығулар"

Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыруда алдымен дыбыстарды қоюымыз қажет. Сол себепті дайындық кезеңі ретінде ауыз қуысына жаттығулар жасалып тілді жаттықтырамыз. Ол балалардың дыбыстарды дұрыс айта білуіне көмектесетін жаттығу түрі. Арт...

  

№ 3 «Балауса» ортаңғы тобы. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата»

Мақсаты: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын білу. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/tv/C2MfoNWx7qu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==   ...

  

№ 12 «Көгершін» мектепалды даярлық тобы. «Дамытушы ойындар»

Баланың қызметін ойын элементтерімен сәйкестендіріп және ойыннан оқуға өту, ойын-тапсырма арқылы ізденіс қызметі. - Ойынның шартын және тапсырмаларын ақырындап күрделендіру. - Баланың ішкі және сыртқы қызметімен байланысы және ойдың әрі қарай дамуына енуі. - Оқу мен тәр...

  

№ 4 «Құлыншақ» ортаңғы тобы

Сюжеттік-рөлдік ойын – баланы ересек өмірге дайындайтын тәсіл. Балалардың көпшілігі ойын барысында ересектердің еңбегін көрсетеді: балалар тәрбиешіге, дәрігерге, аспазға, шаштаразға, өрт сөндірушіге еліктейді. Ойын балалардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын ...

  

№ 11 «Жұлдыз» мектепалды даярлық топ «Дыбыстар әлемі»

Балалардың дауысты және дауыссыз дыбыстан алған білімдерін қайталау. Балалардың ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың ойлауын, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дамыту ойындарын ойнат...

  

№ 7 «Бәйшешек» ересек топ

Дидактикалық ойын «Суретке қарап құрастыр» Мақсаты:Қол моторикасы әдісі арқылы балалардың зейінін тұрақтандырып, ойлау қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа баулу. https://www.instagram.com/tv/C2MTleoIYeW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==   ...

  

№ 6”Айгөлек” ересек тобы

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту Дидактикалық ойын: “Түстерді сәйкестендіру” Мақсаты: Заттардың түстерін көріп қабылдауды дамыту. Негізгі түстерді салыстара отырып, ажырату, жұбын табу. Балалардың ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамыту. https://www.instagram.com/reel/C2KIia...

  

№ 10 “Балдәурен” мад тобы Дидактикалық ойын “Азығын тап”

Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Түстерді ажырата білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Баланың қызығушылығын арттыру. https://www.instagram.com/reel/C2KFDThsF42/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==   ...

  

№ 9 “Дарын” мад тобы Дамытушы ойын “Таяқшалар”

Мақсаты: бала шығармашылығын , зейінін, кеңістікті бағдарлауды, құрастыру қабілеттерін дамыту. Тәрбиеші: Саулебекова Лариса https://www.instagram.com/reel/C2HxvUjsVE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==    ...

  

"Мен зерттеушімін" байқауына бөбекжайымыздың №11 "Жұлдыз" мектепалды тобының тәрбиешісі Г.А.Тулеуова тәрбиенелушілерімен қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды

iconАқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММнің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапйым дағдыларын меңгерту, қарапай...

  

Избасарова Райхан Аманкосовна

Құрметті сайт қонақтары!

Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!

Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.

Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Виртуалды қабылдау

Қабылдауға жазылу

Мейрамдар
1
Card image cap

Аналар мектебі

Подробнее
Card image cap

Жаңа жыл

Подробнее
Card image cap

Білім күні

Подробнее
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ