Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, мамандықтар әлемі туралы түсінік беру, әр мамандықтың қоғамдағы маңызын таныту, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін, шапшаңдығын, тапқырлығын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында, №60 «Ертөстік» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйымдарда «Инновациялық даму платформасы» аясындағы «Мамандыққа баулу» (ерте кәсіптік бағдарлар) жобасы бойынша «Кәсіптік шыңға алғашқы қадам» атты қалалық байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың тәрбиешісі Өтеғали Ботакөз, мектепалды топ тәрбиеленушілерімен қатысып, III орын иеленді!




