№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
"Барлығына қолжетімді сапалы білім" Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып,“Әкелер мектебінің” жоспарына сәйкес, халқымыздың ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау, балалардың логикалық ой-өрісін дамыту, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында бөбекжайымызда ересек, ортаңғы топтардың тәрбиеленушілері мен әкелеріне “Бестемше” ұлттық ойыны ұйымдастырылды.
Бестемше- зияткерлік ойын. Ол әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Өскелең ұрпақтың дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Бұл ойын балалардың математикалық қабілетін шыңдауда таптырмас құрал. Бестемше ойынын алғаш рет халыққа таныстырған және оның насихатшысы болған белгілі тоғызқұмалақ қайраткері – Серікбай Тілеубаев болды. Ойынға N6,7,8 ересек топтары мен №3,4,5 ортаңғы топ тәрбиеленушілері мен әкелері қатысты. Бөбекжай басшысы Райхан Аманқосқызы "Бестемше" ойынының шығу тарихымен ойынның бала өмірде алатын маңыздылығы жөнінде таныстырып, дене тәрбиесінің нұсқаушысы Сәрсенғалиева Назира Рахметқызы қатысушыларды “Бестемше” ұлттық ойынының ережесімен таныстырып, ойын алаңында бестемше ойынын жүргізді. Ойын соңында қатысушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/C7EgQ7VSV1m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
BabySkills» жобасының 4 құзыреттілігі бойынша семинар-практикум өтті
17.05.2024жылы «Nº57 «Ақбота» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК мен Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, «BabySkills» жобасының 4 құзыреттілігі бойынша семинар-практикум өтті. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға ерте жастан кәсіби бағдар беру, бала ...«Дамытушы ойындардың бала психологиясына тигізер әсері» тақырыбында семинар-тренинг
Бөбекжай психологы Мөлдір Жолайқызы ортаңғы топ ата-аналарына арнап, баланы дамытуға бағытталған «Дамытушы ойындардың бала психологиясына тигізер әсері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: Отбасы мен бөбекжайдың белсенді ынтымақтастығын арттыру. Қолайлы біл...Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар-практикум
21.05.2024 жылы бөбекжайымыздың педагогтері мен тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушы Орталығы” КММ-де "BabySkills -ерте кәсіптік бағдарлау" жобасына қатысушы мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар-практикумына ...БӨБЕКЖАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы мемлекеттік саясат отбасында және бөбекжайда бала өмірінің қауіпсіздігін сақтауға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту арқылы ерте жастан бастап балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға, тәрбиелеу ...Бөбекжайымызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Аналар мектебі" құрылып, жұмысын бастады
№ 9 “Дарын” мад тобы Дамытушы ойын “Таяқшалар”
Мақсаты: бала шығармашылығын , зейінін, кеңістікті бағдарлауды, құрастыру қабілеттерін дамыту. https://www.instagram.com/reel/C2HxvUjsVE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№ 3 «Балауса» ортаңғы тобы. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата»
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын білу. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/tv/C2MfoNWx7qu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...“Балдырған” тобының бүлдіршіндерімен 1-күн
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу