№57 бөбекжай

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№57 «Ақбота» бөбекжайы»
жедел басқару құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

БӨБЕКЖАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы мемлекеттік саясат отбасында және бөбекжайда бала өмірінің қауіпсіздігін сақтауға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту арқылы ерте жастан бастап балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға, тәрбиелеу – білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыру арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын арттыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын көтеру үшін жүргізілетін  жұмыс түрлері  педагог мамандардың сапалық құрамына, педагогикалық шеберлік деңгейіне, жұмыс тәжрібиесі т.б. байланысты болады.Заман талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі инновациясыз дами алмайды

Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда  педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыру өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру қажет.
Ол үшін бөбекжайдағы әдістемелік қызметтің мақсаты-тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру деңгейі басты назарда.
Сол себепті бөбекжайымызда бірнеше жаңа технологияларды өз тәжірибемізге енгізіп педагогтардың  интеллектуальды-шығармашылық дамуына жағдайлар жасалынып отырады.

Оларды атап айтсақ:

М.Монтессоридің  педагогикалық  жүйесі –әлемнің  көптеген  елдерінде  ең  танымал  жүйелердің  бірі. Бұл-  баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу деген сияқты міндеттері жүзеге асыруға  көмектесетін құралдардың  бірі.  Монтессори  материаларын  қолдану арқылы бала - затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Балабақшада  тәрбиешілері  өз  қолымен  түрлі  дидактикалық ойындармен, материалдармен , монтессори  көрпешелері, бизиборд құралдарын, Монтессори  бөлмесін  жабдықтады. Ол балаға қоршаған ортаны өз еркімен  ашуы  үшін  кілт  болып  қызмет етті  және  өз  таңдағанын, өз  бетімен жасауға  мүмкіндік  берді.
Заманауи инновациялық әдістердің  бірі ол – құм  терапиясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында құм терапиясының балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор болды.Бұл үшін  педагогтар -  құмға  арналған жәшіктер ,шағын фигуралар «коллекциясын»  қолданды.  Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алды. Ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, тәрбиешілер оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып қолдан жасады. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып,  бала  әлдеқайда қызықты «өз  әлеміне»  жол  таба алды.
Тәрбиешінің  басты  міндеті -бала өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық ортасын қалыптастыру болды.  Құм терапиясы  арқылы –тәрбиеші  баланың танымдық және психикалық процестерін , кеңістіктік түсінікті, тактильді - кинестетикалық сезімділік пен зейіннің шоғырлануын , эмпатияның пайда болуын, қолдардың ұсақ моторикаларын  дамытты.
«Ақпараттық коммуникативті» технологияны пайдалану арқылы, біз бүлдіршіндеріміздің  білім сапасын көтеруде біршама жетістіктерге жеттік. Бөбекжай  педагогтары педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін  шешу үшін  ең тиімді әдіс, тәсілдерді  іздестіріп отырды.

Дәстүрлі оқыту  мен  тәрбиелеу  әдісіне қарағанда, электронды инновациялық технология арқылы білім беру баланың  қызығушылын  арттыратыны ,түсінбеген  жерлерін  қайта қарауға, тыңдауға, нақтылауға  мүмкіндік  беретініне көздері жетті.

Осындай  технологиялық  құралдардың  бірі ол -«Даналық әліппесі». Бағдарлама халқымыздың  рухани құндылықтарын балалар түсінігіне сай етіп, бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы. «Даналық әліппесі» негізінде, «Сөйлейтін қалам» технологиясы бойынша  жасалған. Бағдарламаның мақсаты:  педагогқа ұрпақтан – ұрпаққа жеткен сайын құндылығы артып, рухани қазынамызға айналған бата, нақыл сөздер, домбыра, қобыз  үні,билер сөзі,бесік  жыры, батырлар жыры, халық  тағылымы т .б  сияқты бабалар даналығымен  таныстыру. 

«Даналық әліппесі »баланы ерте кезден бастап нәрлендіру, бала бойында адамзатқа жат ықпалдарға берілмейтін және қарсы тұратын рухани иммунитет қалыптастыруға  көмектеседі. «Даналық әліппесі» арқылы балалар ұлттық салт – дәстүрге байланысты неше алуан ұлағатты, шешен, бата т,б  сөздердің  мағынасын түсініп ,сонымен  қатар ұлттық тәрбиені бойына сіңірген жас ұрпақтың жаңа буынын қалыптастыруда үлкен себебін тигізді.

Инновациялық педагогикалық технологиялардың  ішінде шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосатын  технологиялардың  бірі  - ол театр терапиясы. Театр  терапиясының ерекшілігі баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор болды.  Балабақшада аптаның бейсенбі  күні театр  күні  болып  саналды,тәрбиешілер  балалармен  бірге ертегілерді  сахналап, көрермендер  ретінде  ата-аналар мен  кішкентай  бөбектерді  шақырып отырды. Педагог баланың шығармашылық қабілетін қуыршақ театр ойыншықтары, ойын сахналау, ойын – еліктеуші, сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамытып отырды. Бұл  жұмыстарды  жүргізу бағытында тәрбиешілер  би-ба-бо,саусақ, қолғап, фланелеграф театрымен  қатар ,фартук  театрын, әр түрлі  персонаж  костюмдерін, үлкен еден  қуыршақ  театрын,қыстырғыш, маска,диск  театрларын қолдан жасады. Театр  арқылы  бала шығармашылық қабілеттері өсіп көптеген ойындарға тартылды,  сюжетті – рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер т.б.

Тағы бір технологияның  түрі «Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінің инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, бір проблеманы шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.Осы лэпбук құралы арқылы балалар білімдерін тиянақтап өткен бір бөлімді пысықтап отырады.
Жаңалықтарды игерту арқылы педагогтардың біліктілігін жетілдіруде ғылыми-әдістемелік қызмет көрсету мақсатында балабақшада ішкі семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастырылып отырды.

Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалар үшін Изотерапияның қызықты түрлерінің бірі – әйнекке  сурет салу. Қағазбен сурет салудан айырмашылығы, әйнек жаңа көрнекі әсер мен сезімге бөлейді.

Әйнектегі терапия, сіз келесі мәселелерді шеше аласыз:

 1. Түстерді қабылдау және сенсорлық дамыту.

2. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.

3. Қабылдау және көрсету процесінде сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

4. Қызметтің нәтижесімен байланысты мазасыздықты, әлеуметтік қорқыныш пен қорқынышты алдын-алу және түзету .

5. Жеке қасиеттердің дамуындағы кемшіліктерді жою, мысалы, сенімсіздік, қиындықтарды жеңе алмау, осалдық, ұялшақтық, дәрменсіздік сезімі және т.с.с 

Сөйлеу терапиясының ең жаңа технологияларының бірі - Су-Джок терапиясы. Коррекциялық-логопедиялық жұмыста мен Су-Джок терапиясының әдістерін сөйлеу бұзылулары үшін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін, сондай-ақ денені жалпы күшейту мақсатында белсенді қолданамын.Су-джок терапиясы - бұл баланың танымдық, эмоционалды және ерікті сфераларын дамытуды қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі. Мақсаты: Су-Джок терапиясының көмегімен сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзету. 

Міндеттері:

Су-Джок жүйесі бойынша биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету.

Ми қыртысының сөйлеу аймағын ынталандыру.

Балалардағы сөйлеу бұзылыстарын түзетуде мұғалімдер мен ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.

  

Жарияланған күні: 28-05-2024  



14.05.2026 жылы №22 «Алтын бесік» бөбекжайында өткен «Мектепке дейінгі тарбиелеу мен оқыту жүйесінде ойын технологияларын тиімді қолдану» тақырыбындагы қауымдастық семинарында бөбекжайымыздың тәрбиешісі Адаева Гаухар Адайқызы «Fажайып түстер әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетке спикер болып қатысты.

icon...

  

Мамандыққа баулу

iconАқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, әр мамандық иесіне сыйластықпен қарауға тә...

  

Инновациялық даму платформасы

iconАқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру мақсатында жекеменшік «...

  

Оқытудағы инновациялық тәсілдер: тәжірибе алмасу алаңы

iconАғымдағы жылдың 11 наурыз күні МОББ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің 10.03.2026жылғы №123-нқ бұйрығына сәйкес, «Оқытудағы инновациялық тәсілдер: тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбындағы облыс көлеміне іс-тәжірибе таратуға арналған вебинарда...

  

Бөбекжайымызда өткен қалалық семинарда, бөбекжай педагогтерінің өз шеберліктерімен сүйектен және матадан дайындаған күнделікті іс-әрекеттерінде қолданатын дидактикалық ойындарын «Сүйекке сіңген сыр, матаға қонған бояу» атты көрмесін бөбекжай педагогы Н.Р. Сарсенгалиева таныстырып, сүйек пен матаның қолдану ерекшеліктерін көрсетті.

icon ...

  

Сүйектегі сыр, матадағы жылу

iconБөбекжайымызда қалалық семинарда әдіскер Харесова Нурпия Екпиновна мен тәрбиеші Абуова Жанат Бигельдиевна семинарға қатысушы педагогтерге жылулық, психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында – «Сүйектегі сыр, матадағы жылу» тақырыбында тренингін ұйымдастырды  ...

  

Бөбекжайымызда өткен қалалық семинарда тәрбиешілер Абубакирова Майра Нурбергеновна, Исмағұл Раушан Дулатқызы, Конебаева Қундыз Есенгелдиқызы «Сиқырлы-сүйектер» Кіріктірілген іс-әрекетті мектепалды тобында өткізді.

iconМақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыра отырып, төлдерін атау, алынатын өнімдер туралы әңгімелеу. Төрт түліктің сүйектерін атау. Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы санасы...

  

Бөбекжайымызда өткен қалалық семинарда дене тәрбиесі нұсқаушысы Ахмедова Ықпал Ахмедовна «Көңілді олимпиада» дене тәрбиесі іс-әрекетін өткізді.

iconМақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, шапшаңдық, ептілік, төзімділік дағдыларын дамыту, спорттық эстафеталар арқылы командалық бірлікке, ұйымшылдыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  ...

  

Ғарыш әлемінен келген қонақ

iconБөбекжайымызда қалалық семинарда тәрбиешілер Төлеген Арай Байбарысқызы, Абдирахманова Нуржамал Исаевна, Айдымбекова Меруерт Исаевна «Ғарыш әлемінен келген қонақ» ұйымдастырған іс-әрекетті ересек топта өткізді. Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру. Плане...

  

Бөбекжайымызда қалалық семинар өтті.

icon«Құстарға қамқор болайық» ұйымдастырған іс-әрекет ортаңғы топпен тәрбиешілер Қойшығұлова Жаңылсын Дүйсенбекқызы, Тұбір Малика Қосайқызы, Халмурзаева Зульфия Амангельдыкызы өткізді. Мақсаты: Балалардың құстар туралы қарапайым түсініктерін кеңейту, құстардың тіршілік ...

  

Сүйек және матаға сурет салу өнері

icon2026 жылдың 18 ақпан күні №57 «Ақбота» бөбекжай базасында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Мект...

  

Төрт түлік - асыл қазынам

icon№56 ««Жұлдыз» бөбекжайында өткен "Инновациялық тәсілдер мен нәтижелі тәжірибелер арқылы ата-аналар қауымдастығын педагогикалық серіктестікке тарту, баланың тұлғалық және танымдық дамуында заманауи тәрбие үрдісін қалыптастыру" тақырыбында қалалық мобильді топ семинар...

  

«ҰЛТТЫҚ ӘУЕН-ӨШПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ» ІС-ШАРА

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинарда «Ұлттық әуен– өшпес құндылығымыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғ...

  

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ-ҰРПАҚ ИГІЛІГІ» КӨРМЕ

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинарда тәрбие мен білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және оны жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық құндылық- ұрпақ игілігі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Тәрбиеші: А.Жарылғасын  ...

  

«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК-ЖЫЛЫ ТІЛЕК» ТРЕНИНГ

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинарда психолог Нурсолтанова Омира Текебаевна және логопед Бердыбай Ақтоты Мақсатқызы «Мейірімді жүрек –жылы тілек» тақырыбынды тренинг өткізді. Мақсаты: Педагогтердің бойындағы кәсіби және адами қасиеттерін тану, б...

  

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР-ҰЛТТЫҢ МҰРАСЫ»СЕМИНАР

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинарда «Ұлттық ойындар – ұлттың мұрасы» тақырыбында, дене тәрбиесі нұсқаушылары - Сарсенгалиева Назира Рахметовна, Ахмедова Ықбал Ахмедовна шебер сынып өткізді. Мақсаты: Асық ойынының түрлерімен және әдіс- тәсілдеріме...

  

«ТӨРТ ТҮЛІК — АСЫЛ ҚАЗЫНА» СЕМИНАР

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинар өтті. «Төрт түлік – асыл қазына» кешенді іс-әрекетін мектепалды тобымен Егеуова Г.Д., Амантурлиева Г.Ж. және №17 «Күншуақ» бөбекжайы» спикері Хусайнова Р.И өткізді. Мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы туралы...

  

«ЖАЙЛАУ ҚЫЗЫҚТАРЫ» СЕМИНАР

iconБөбекжайымызда қалалық қауымдастық әдістемелік семинарда «Жайлау қызықтары» кешенді іс-әрекетін ортаңғы тобымен Инисбекова Жазира Бекбергенқызы, Абубакирова Асем Сабитовна, Абуова Жанат Бигельдиевна өткізді. Мақсаты: Балаларға көктемгі жайлау туралы түсінік қалыпта...

  

ҚАЛАЛЫҚ «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР» СЕМИНАР

icon18.04.2025ж. бөбекжайымызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында Қалалық «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтар ортасын қалыптастыруда инновациялық әдістер» тақырыбында әдістем...

  

“Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда ертегі және кітапхана терапиясы” тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық әдістемелік семинар өтті

icon07.06.2024жылы №57 “Ақбота”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК да Өрлеу БАҰО Маңғыстау филиалының курс тыңдаушыларына арналған “Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда ертегі және кітапхана терапиясы” тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналға...

  

BabySkills» жобасының 4 құзыреттілігі бойынша семинар-практикум өтті

17.05.2024жылы «Nº57 «Ақбота» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК мен Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, «BabySkills» жобасының 4 құзыреттілігі бойынша семинар-практикум өтті. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға ерте жастан кәсіби бағдар беру, бала ...

  

«Дамытушы ойындардың бала психологиясына тигізер әсері» тақырыбында семинар-тренинг

Бөбекжай психологы Мөлдір Жолайқызы ортаңғы топ ата-аналарына арнап, баланы дамытуға бағытталған «Дамытушы ойындардың бала психологиясына тигізер әсері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: Отбасы мен бөбекжайдың белсенді ынтымақтастығын арттыру. Қолайлы біл...

  

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар-практикум

21.05.2024 жылы бөбекжайымыздың педагогтері мен тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқушы Орталығы” КММ-де "BabySkills -ерте кәсіптік бағдарлау" жобасына қатысушы мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар-практикумына ...

  

БӨБЕКЖАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы мемлекеттік саясат отбасында және бөбекжайда бала өмірінің қауіпсіздігін сақтауға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту арқылы ерте жастан бастап балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға, тәрбиелеу ...

  
12

Избасарова Райхан Аманкосовна

Құрметті сайт қонақтары!

Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!

Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.

Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Виртуалды қабылдау

Қабылдауға жазылу

Мейрамдар
1
Card image cap

Аналар мектебі

Подробнее
Card image cap

Жаңа жыл

Подробнее
Card image cap

Өнер көзі-қолөнер

Подробнее
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ