№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 “Ақбота”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 28 шағын аудан 44 ғимарат.
Электронды пошта: yaslisad_57akbota@mail.ru
Байланыс номері: 8 (7292) 40-54-34, 40-09-60.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 ж. №432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі –3 штаттық бірлік ( сағат саны-5,25; уақытша бала күтімі демалыс орнына).
2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореогрофы-1 штаттық бірлік ( сағат саны-7,2, уақытша бала күтімі демалыс орнына).
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының қазақ тілі маманы-1штаттық бірлік(сағат саны-4,8; тұрақты орын).
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының музыка жетекшісі- 1 штаттық бірлік (сағат саны-4,8; тұрақты орын).
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог маманы-1 штаттық бірлік (сағат саны-7,2, уақытша бала күтімі демалыс орнына).
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығының 154-тармағына сәйкес келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
12)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап 29 қаңтар аралығында қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
https://www.instagram.com/p/DFFi-TVqqJl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.facebook.com/share/p/15FW26jgMf/
Бос лауазымдық орындарға конкурс
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу